5 сағат бұрын
«Тобылдың» бұрынғы легионері Габараев Ресейге оралды
Воронеждік «Факел» клубы бұрын Қазақстанның «Тобыл» командасында ойнаған қорғаушы Альберт Габараевпен келісімшарт жасағанын хабарлады.
27 жастағы ресейлік футболшы воронеждік клубпен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.
Белгілі болғандай, Габараев «Тобыл» сапында ойнап, Қазақстан кубогы мен Суперкубогының иегері атанған.
Сонымен қатар, Альберт Габараев Ресейдің «Волгарь» және «Родина» клубтарында, Арменияның «Ноа» және Беларусьтің «Городея» командаларында өнер көрсеткен.