5 сағат бұрын
Покатилов Қазақстанда қалуы мүмкін болғанын айтты
Қақпашыны «Қайрат» емес, басқа клуб қалаған. Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжанның «Сабах» клубының ойыншысы қалай болғаны жайлы айтып, Қазақстан Премьер-лигасында қалуға мүмкіндігі болғанын мойындады.
«Желтоқсан айының басынан қаңтардың соңына дейін келіссөздер жүргіздім деуге болады», – деп бөлісті Покатилов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Покатилов Оралдың «Ақжайық», «Ақтөбе», «Қайрат» және Қарағандының «Шахтер» клубтарының намысын қорғаған.