23.01.2025

«Ордабасы» мәскеулік ЦСКА-ға есе жіберді

«Ордабасы» мәскеулік ЦСКА-ға есе жіберді

Фото: ПФК ЦСКА

Шымкенттік клуб бірінші оқу-жаттығу жиыны аясындағы алғашқы ойынын өткізді.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен жолдастық матчта «Ордабасы» қарсыласына 0:3 есебімен ұтылды.

Гол авторлары: 6' Обляков, 32' Глебов, 45+1' Койта

«Ордабасы» келесі жолдастық матчын қаңтардың жиырма тоғызыншы жұлдызында өзбекстандық АГМК клубына қарсы өткізеді. Ал ЦСКА 31 қаңтарда «Ростовпен» шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, шым қалалық клуб QFL өткен маусымын 24 ойында 42 ұпай жинап, төртінші орында аяқтаған болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас