23.01.2025

«Манчестер Сити» құрамына мысырлық шабуылшы қосылды

«Манчестер Сити» құрамына мысырлық шабуылшы қосылды

Фото: «Манчестер Сити» ФК

Омар Мармуш ресми түрде «Манчестер Сити» ойыншысы атанды.

Қос тарап 2029 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Трансфер құны 75 миллион еуроны құрайды. Омар жаңа клубында 7 нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.
Мармуш осы маусымда «Айнтрахт» сапында 26 матчта алаңға шығып, 20 рет мергендігімен танылып, 14 мәрте нәтижелі пас авторы атанды.

Айта кетейік, манчестерлік клуб қысқы трансферлік терезеде қазірдің өзінде 150 миллион еуро шығындалып үлгерді. Осыған дейін клуб қатары Әбдіқадыр Хусанов (€40 млн) және Витор Рейс (€35 млн) сынды ойыншылармен толыққан болатын.

«Манчестер Сити» Ағылшын премьер-лигасының ағымдағы маусымында 22 ойында, 38 ұпай жинап, бесінші орында келеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас