23.01.2025
ҚФФ президенті Марат Омаров алдағы жоспарымен бөлісті
Фото: ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров алдағы жоспарымен бөлісті.
Бұл жөнінде ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
- Құрметті достар! Қазір мен ҚФФ аудиті және федерацияның ішкі жұмыстарымен танысып жатырмын. 10 ақпан күні УЕФА Президенті А.Чеферин мырзаға өзінің штаб-пәтерінде жеке кездесуге шақырғаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстандағы футболды дамыту жоспарын және жаңа жобаларды талқылаймын жоспарлап отырмын. Сіздермен кездесу нәтижелерін міндетті түрде бөлісіп отырамын. Алдағы жұмыс жоспарымды да ұсынамын. Пресс-конференцияда мен ҚФФ және QFL-дағы құрылымдық реформаларды, Ұлттық құрамалардың басшылығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және әділ төрешілік туралы жаңалықтармен де бөлісемін, - деп жазды ол.