23.01.2025
Қазақстандық спортшылары Қысқы Универсиадада 14 медаль алды
Фото: Спортты дамыту дирекицсы
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада шорт-тректен ерлер командасы қола медаль жеңіп алды.
Ел құрамасынан 5000 метр қашықтықтағы эстафеталық жарыста Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Санжар Жанысов, Айбек Темірхан мен Валерий Клименко төрттігі мәреге үшінші жетті.
Бұл XXXII Қысқы Универсиада ойындарында ел құрамасы қоржынына түскен 14-медаль.
Қазірге дейін Қазақстан құрамасы қоржынында 3 алтын, 4 қола, 7 қола жүлдеге ие болған еді.
Ел құрамасынан Анастасия Городко (фристайл, параллель могул) екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінсе, Никита Акимов (биатлон) бір алтынды қоржынға салды.
Сондай-ақ Аяулым Әмренова (параллель могул), Антон Бондарев (параллель могул) бір-бірден, Денис Зинов (парашаңғы жарысы) екі мәрте күміс медальға қол жеткізді.
Қолаға қол созғандар қатарында Роман Құрбанов (парашаңғы жарысы) екі мәрте үздік үштіктен көрінсе, Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау), Арина Крюкова (биатлон), Кирилл Бауэр (биатлон), шорт-трек аралас эстафетадан Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас