23.01.2025

«Челси» Дастан Сәтпаев үшін 4,3 миллион еуро төлейді

«Челси» Дастан Сәтпаев үшін 4,3 миллион еуро төлейді

Ресейлік журналист Иван Карповтың мәліметінше ағылшындық клуб Дастан Сәтпаевты «Қайрат» клубынан жалпы 4,3 миллион еуроға сатып алады.

Трансфер құнының нақты сомасы – 2,4 миллион еуро болады. Ал қалған қаражат алматылық клубқа бонус ретінде беріледі.

2026 жылдың тамыз айында, яғни Дастан 18 жасқа толғанда 5 жылға жарамды келісімшарт күшіне енеді.

Бұл Қазақстан футболы тарихындағы ең қымбат трансфер болмақ. Осыған дейінгі рекордтық трансфер «Қайраттан» «Зенит» сапына 2 миллион еуроға ауысқан Нұралы Әліпке тиесілі болды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас