24.01.2025
«Қайсар» құрамынан тағы екі футболшы кетті
Фото: kazfootball.kz
Қызылордалық «Қайсар» командасы құрамынан жанкүйерлердің қошеметіне бөленген Горан Милойко мен Йован Пайович кетті.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Команда құрамынан бұдан бұрын беларусьтік Василий Совпель, Руслан Юденков, өзбекстандық Шохназар Норбеков кетті.
Биыл команда қазақстандық ойыншыларға сенім артып отыр. Ол жайында Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев команда басшылығымен кездесуде айтқан болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас