24.01.2025

Шавкат Рахмонов мансабында алғаш рет жеңілуі мүмкін

Шавкат Рахмонов мансабында алғаш рет жеңілуі мүмкін

Австралиялық ММА жекпе-жек шебері Джек Делла Маддалена Лондонда өтетін UFC турниріндегі жеңістен кейін титулдық жекпе-жекке шығуды көздеп отырғанын мәлімдеді.

22 наурызда Делла Маддалена UFC-дің бұрынғы чемпионы Леон Эдвардспен күш сынасады.

«Мен жарақаттан кейін операция жасаттым. Бәрі оңай және тез өтеді деп ойладым, бірақ инфекция асқындырып жіберді. Енді Леонмен жекпе-жекке шығып, бір нәрсені дәлелдегім келеді. Белал жасай алмағанды мен Леонға қарсы жасай аламын», – деді Делла Маддалена.


Басқа үміткерлер туралы айта келе, спортшы Шавкат Рахмоновқа Белал Мұхаммедпен жекпе-жек ұйымдастырылатынын болжады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас