24.01.2025
«Қайсар» Түркияда Черногорияның «Будучност» клубымен тең түсті
Қызылорданың «Қайсар» командасы Түркиядағы қысқы оқу-жаттығу жиыны аясында Черногорияның «Будучност» клубымен жолдастық матч өткізді.
Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Қызылордалық команданың жалғыз голын Думан Нарзілдаев 11 метрлік пенальтиден соқты.
«Қайсар» (Қызылорда, Қазақстан) – «Будучност» (Черногория) – 1:1
Гол: Нарзілдаев (пенальти).