24.01.2025
Бельгия құрамасына бас бапкер тағайындалды
Фото: championat.com
60-жастағы франциялық маман Руди Гарсия Бельгия ұлттық құрамасының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Sport12kz.
Бельгия құрамасы Қазақстанмен бірге 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде J тобында сынға түседі. Қарсыластары - Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн.
Бұған дейін Бельгия құрамасын мәскеулік «Спартак» командасының бұрынғы бапкері Доменико Тедеско жаттықтырды. Оның жетекшілігімен құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатында 1/8 финалға дейін жетті. Ал Ұлттар лигасы топтық кезеңінде үшінші орынға тұрақтады. Дегенмен соңғы сегіз кездесуде бельгиялықтар бір мәрте жеңіске жетті.
Ал Руди гарсия 2023 жылдың жазынан бері жұмыссыз қалған еді. Оған дейін италиялық «Наполи» командасының бас бапкері болды.