24.01.2025

Павлодарда қыз баланы психотроптық зат қолдануға көндіріп, зорлаған футбол менеджері сотталды 

Павлодарда қыз баланы психотроптық зат қолдануға көндіріп, зорлаған футбол менеджері сотталды 

Фото: Артем Викторов

Іс материалдарына сүйенсек, 30 жастағы ер адам қыз баланы психотроптық зат қолдануға көндіріп, соңынан оны зорлаған. Бұл уақытта ол жергілікті футбол орталығында менеджер болып қызмет еткен. Бұл жөнінде Kazinform жазды. 

Белгілі болғандай, 2024 жылғы 1 қыркүйек күні айыпталушы қызды алып қонақүйге барған. Қызды өзінің туысы деп таныстырған. Іс материалдарында қонақүй нөміріне орналасқан соң футбол менеджері мефедрон (синтетикалық есіркті) алып шығып, ұнтақты қыздың мұрнына сепкені айтылады.

— Ер адам ұнтақты қағазға орап, қыздың басын сәл шалқайтып мұрнына сепкен. Баланың жағдайы сол сәтте нашарлап кеткен. Бұл сұрақтарды бір зерттедік және сарапшылардан сұрадық. Әлгі затты айыпталушы да тұтынған, — дейді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құдабай Сұлтанов.

Есірткі тұтынған соң 30 жастағы азамат қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған. 

Сотта айыпталушы «сол сәтте мас болдым, аталған жағдай есімде жоқ» деп ақталған.

Сот істі кәмелетке толмаған адамды күш қолдану арқылы психотроптық заттардың тектестерін тұтынуға көндiру (ҚР Қылмыстық кодексінің 299-бабы. 3-бөлім. 1), 2) тармақтары) және жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау (ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы. 4-бөлім) бойынша қарады. 

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Істің мән-жайын ескере отырып, сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталған азамат жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


 

Юлия Путинцева WTA 500 турнирін алғашқы айналымнан аяқтады

Теннис 18 минут бұрын

Юлия Путинцева WTA 500 турнирін алғашқы айналымнан аяқтады

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы мансабын аяқтады

Теннис 50 минут бұрын

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы мансабын аяқтады

Тимофей Скатов Үндістандағы турнирді жеңіспен бастады

Теннис 2 сағат бұрын

Тимофей Скатов Үндістандағы турнирді жеңіспен бастады

«Медеу» мұз айдыны халықаралық жарыстарды қабылдау талаптарына сай болады

Басқа 3 сағат бұрын

«Медеу» мұз айдыны халықаралық жарыстарды қабылдау талаптарына сай болады

Жас теннисшілеріміз Еуропа рейтингісінде ТОП-100-ге кірді

Теннис 3 сағат бұрын

Жас теннисшілеріміз Еуропа рейтингісінде ТОП-100-ге кірді

«Тобыл» клубының легионері Ресей мен Қазақстандағы тамақтарды салыстырды

Футбол 3 сағат бұрын

«Тобыл» клубының легионері Ресей мен Қазақстандағы тамақтарды салыстырды