24.01.2025
Қазақстан футбол федерациясында бірқатар ауыс-түйіс орын алды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Ғани Қайназаров пен Қайсар Бекенов Қазақстан футбол федерациясындағы қызметтерінен кетті.
ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің басшысы Ғани Қайназаров федерацияда атқарған бір айлық жұмысынан кейін өз орнын босатты.
Сонымен қатар Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры Қайсар Бекеновте лауазымынан айырылды. Бекенов бұл қызметке желтоқсан айында тағайындалған болатын.
Жақын күндері жаңа қызметкерлердің есімі белгілі болады.
Еске сала кетейік, осыған дейін ҚФФ жаңа вице президент ретінде Давид Лорияны және президент кеңесшісі қызметіне Нұрсұлтан Құрманды сайлаған болатын.