25.01.2025
«Астананың» бұрынғы ойыншысы «Қызылжарға» қосылды
Фото: sports.kz
«Қызылжар» футбол клубы жартылай қорғаушы Мәди Жақыпбаевты өз құрамына қосқанын хабарлайды.
24 жастағы футболшы – елордалық футбол мектебінің түлегі. Ол «Астана» командасының сапында ойнап, үш рет Қазақстан чемпионы атанды. Бұдан бөлек, Мәди «Шахтер» және «Хан Тәңірі» клубтарында өнер көрсетті.
Сонымен қатар, жартылай қорғаушы 2020 жылы Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғап, үш матчта алаңға шыққан.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас