25.01.2025
Әли Ахмедов келесі айда Астанада жекпе-жек өткізеді
Әли Ахмедов келесі айда Астанада жекпе-жек өткізеді.
All Stars Boxing 3 турнирінің басты жекпе-жегінде Данияр Елеусінов жұдырықтасатынын айта кетейік.
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16КО) бұдан бұрын Америка құрама штаттарында жекпе-жек өткізді.
Әлидің шаршы рингтегі қарсыласы америкалық Малколм Джонс (17-4-1, 10КО) болды. Супер жартылай салмақта өткен жекпе-жек 9 раундқа созылуы керек болған. Ал Әли Ахмедов қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіби карьерасындағы 23 жеңісін тіркеді. Ал Малколм Джонс мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас