25.01.2025

Максим Самородовқа мәскеулік клуб қызығушылық танытуда

Максим Самородовқа мәскеулік клуб қызығушылық танытуда

Фото: «Ахмат» ФК

Қазақстандық футболшы Максим Самородов «Спартакқа» ауысуы мүмкін деп хабарлайды мәскеулік дереккөз.

Қазақстан құрамасының 22 жасар шабуылшысы осы қысқы трансферлік терезеде «Спартак» қатарын толықтыруы мүмкін.
Клуб маусымның екінші кезеңі қарсаңында құрамды біршама күшейтуді жоспарлап отыр.

Самородов осы маусымда «Ахмат» жейдесінде 19 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Грозныйлық команда Ресей премьер-лигасының 18 турынан кейін 13 ұпай жинап, он бесінші орында келеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас