25.01.2025
Қазақстандық сәйгүлік Кабирхан халықаралық турнирде бәйгеге түсті
Фото: racingdubai
Маусымның алғашқы додасы болған, Дубайдағы халықаралық Al Maktoun Challenge бәйгесіне қазақстанның атынан танымал жүйрік Кабирхан қатысты
Жарыс қорытындысы бойынша біздің тұлпар 12 жылқының ішінде 7 орынға табан тіреді. Бәсеке кезінде ат тізгіні америкалық шабандоз Пэт Добсонның қолында болды. Қаржылай сыйақы Кабирханның алдын орап, алғашқы 6 орынға жайғасқан жылқы иелеріне табысталды.
Өткен жылы Кабирхан Дубайда өткен 2000 метрлік жарыста топ жарған болатын. Сол кезде қожайыны жүлделі 15,5 миллион теңгені еншілеген болатын.
Айта кетейік, Кабирхан асыл тұқымды ағылшындық арғымақ болып саналады. Оның қожайыны – Тілек Мұханбетқалиев.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи