25.01.2025

Ансу Фати «Фенербахче» командасына ауысуы мүмкін

Ансу Фати «Фенербахче» командасына ауысуы мүмкін

Фото: championat.com

Түркияның «Фенербахче» командасының бас бапкері Жозе Моуриньо белгілі футболшы Ансу Фатиды клубқа алу жөнінде өтінішін білдірді.

Сондықтан жақын уақытта клубынан футболшымен келіссөз жүргізуі мүмкін.
«Фенербахче» франциялық шабуылшы Аллан Сен-Максимен кеткеннен кейін бірден «Барселонамен» келіссөздерді бастауды жоспарлап отыр.

2024/25 жылғы маусымында Ансу Фати Испания Ла Лигасында да, Чемпиондар Лигасында да гол немесе нәтижелі паспен көзге түскен жоқ. Оның ойын уақыты шектеулі болды. Негізінен ол жарақатынан кейін формасын қалпына келтіру кезеңінен өтіп жатыр.

Transfermarkt басылымы испаниялық вингерді 10 миллион еуроға бағалап отыр.


Райан ТҰРСЫНБЕК


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас