28.01.2025

Өзбекстандық тағы бір футболшы Еуропаның беделді клубына ауысады

Өзбекстандық тағы бір футболшы Еуропаның беделді клубына ауысады

Фото: ВКонтакте

Өзбекстандық Хусаин Норчаев еуропалық клубтардың біріне ауысуға жақын. Алдағы уақытта 22-жастағы шабуылшы Португалияның «Брага» клубының намысын қорғайды.

Ол қазірге дейін Ресейдің «Алания» клубында ойын көрсетіп келді. Қазір футболшы визасын рәсімдеп жатыр деген ақпарат бар. 
Айта кетсек, бұдан бұрын өзбекстандық Әбдіқадыр Хусанов Англияның «Манчестер Сити» клубына ауысты.  

Әбдіқадыр Хусанов 2004 жылы Ташкент қаласында туған. 2020-2021 жылдарда өзбекстандық «Бунедкор» командасының жастар құрамында болды. 2022 жылы Беларусьтің «Энергетик-БГУ» клубына ауысса, 2023 жылдан бері Францияның «Ланс» клубында доп тепті.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!