28.01.2025
Килиан Мбаппе Ла Лиганың қаңтар айындағы үздік ойыншысы атанды
Фото: «Реал Мадрид» ФК
Француз шабуылшысы Килиан Мбаппе Испан Примерасының осы айдағы үздік футболшысы деп танылды.
«Реал Мадрид» форварды қаңтар айында ішкі біріншіліктегі 3 ойында, 5 рет гол соғып, 1 мәрте әріптесіне нәтижелі пас берді.
Килиан дауыс беру нәтижесінде Доди Лукебакио, Уго Дуро, Луис Милья және Кике Гарсия сынды ойыншаларды артқа тастады.
Айта кетейік, «Реал Мадрид» Ла Лиганың турнирлік кестесінде 21 ойында, 49 ұпай жинап жеке дара көш бастап келеді. «Корольдік клуб» келесі ойынын ертең Чемпиондар лигасының 8-туры аясында «Брест» клубына қарсы қонақта өткізеді. Матч түнгі сағат 01:00-ге жоспарланған.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Азамат Бақи