28.01.2025

Зарина Дияс Үндістандағы турнирде сәтсіз бастады

Зарина Дияс Үндістандағы турнирде сәтсіз бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (WTA рейтингінде 361-орын) Үндістанның Пуне қаласында өтіп жатқан WTA W75 турнирінде өнер көрсете бастады.

Алматылық 31 жастағы спортшы алғашқы айналымда 27 жастағы бейтарап мәртебеде өнер көрсетіп жүрген Ирина Шимановичпен (WTA рейтингінде 272-орын) кездесті. 1 сағат 33 минутқа созылған матчта Шиманович үш сетте жеңіске жетті.

WTA W75 Пуне. Хард. 1/16 финал

Зарина Дияс (Қазақстан) — Ирина Шиманович — 6:3, 2:6, 2:6

Зарина кездесуді сенімді бастап, бір брейк жасап, бірінші сетте жеңіске жетті. Алайда, екінші партияда өз геймдерін сақтай алмай, төрт брейк өткізіп алды, есеп теңесті. Үшінші, шешуші сетте Дияс 1:2 есебінде өз геймін жоғалтып, тағы үш брейкті өткізіп алып, сетте де, матчта да жеңіліске ұшырады.

Шиманович 1/8 финалда Италияның 29 жастағы Камилла Розателлосымен (WTA рейтингінде 318-орын) кездеседі.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!