28.01.2025

Абат Айымбетов ойнайтын клуб бас бапкерсіз қалды

Абат Айымбетов ойнайтын клуб бас бапкерсіз қалды

Фото: «Аданадемирспор» ФК

Түркиялық «Аданадемирспор» клубының бас бапкері Мұстафа Дальчи қызметінен кетті.

Бұл туралы клуб әлеуметтік желісінде жариялады. Аталған жазбада команданың баспасөз қызметі келісімшарттың қос тараптың шешімімен бұзылғанын хабарлады. Сондай-ақ ұжым түрік маманына үлкен алғысын білдіріп, алдағы мансабына табыс тіледі.

Дальчи «Адана Демирспор» тізгінін өткен жылдың 29 қазанында қолға алған. Осы аралықта команда 10 ойында 3 рет жеңіске жетіп, 7 мәрте жеңіліс тапқан. Аталған клуб Түркия Суперлигасының биылғы маусымында 20 ойында, 5 қана ұпай жинап турнирлік кестеде соңғы орында келеді.

Еске салсақ, аданалық клуб намысын қазақстандық Абат Айымбетов өткен жылдан бері қорғап келеді. Отандасымыз Түркия суперлигасының осы маусымында 15 матч өткізіп, 3 мәрте мергендігімен көзге түсті.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!