28.01.2025
Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2027 іріктеу жеребесіндегі себетін білді
Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Еуропа чемпионаты-2027 іріктеу турнирінің жеребесінде бесінші себетке түсті.
Іріктеу турнирінің жеребесі биыл 6 ақпанда Ньон қаласындағы УЕФА штаб-пәтерінде өтеді. Оның қорытындысы бойынша алты командадан тұратын алты топ және бес командадан тұратын үш топ құрылады. Албания мен Сербия Еуро-2027 қожайыны ретінде тікелей финалдық кезеңге шықты. Ал Лихтенштейн федерациясы жастар құрамасын жарысқа қоспады.
Жеребе үшін УЕФА алты себет жасады. Олар келесідей бөлінген:
1-себет: Испания, Англия, Португалия, Нидерланд, Германия, Франция, Украина, Италия, Дания;
2-себет: Румыния, Швейцария, Хорватия, Чехия, Польша, Норвегия, Бельгия, Грузия, Ирландия;
3-себет: Словения, Финляндия, Швеция, Австрия, Словакия, Грекия, Исландия, Венгрия, Болгария;
4-себет: Шотландия, Уэльс, Израиль, Солтүстік Македония, Түркия, Косово, Солтүстік Ирландия, Фарер аралдары, Молдова;
5-себет: Беларусь, Черногория, Босния, Кипр, Латвия, Литва, Қазақстан, Әзербайжан, Люксембург;
6-себет: Эстония, Мальта, Армения, Андорра, Гибралтар, Сан-Марино.
2027 жылдың маусым-шілде айларында өтетін Еуропа чемпионатына 16 команда қатысады. Турнир қорытындысы бойынша 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысушылар анықталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас