2 күн бұрын
«Ақтөбе» Дорни Ромероның сатылымынан қанша пайда тапты?
«Ақтөбе» клубының ойыншысы Дорни Ромеро боливиялық «Боливар» клубына ауысты.
Қазақстандық клуб 27 жасар шабуылшының сатылымынан 260.000 доллар, теңгеге шаққанда 135.312.840 қаржы пайда көрді, деп хабарлайды Match KZ телеграмм арнасы.
Дорни ақтөбелік клуб сапына өткен жылдың наурыз айында, боливиялық «Олвэйс Реди» командасынан ауысып келген болатын. Осы аралықта ойыншы қызыл-ақ жейдеде 31 ойын өткізіп, 7 рет гол соғып, 4 мәрте нәтижелі пас берген. Сондай-ақ доминикандық форвард өткен маусымда Қазақстан кубогын жеңіп алды.
Еске сала кетейік, «Ақтөбе» QFL өткен маусымын 24 ойында, 43 ұпай жинап, үшінші орында аяқтаған болатын.