29.01.2025
Месси «Барселонаға» орала ма?
![Месси «Барселонаға» орала ма?](https://sport12.kz/static/images/news/500596642455880b38e6d424ccb21ce2.jpg?f97977fc7caed9cb20942eae6a3f8a69)
«Интер Майами» шабуылшысы, 37 жастағы Лионель Месси американдық клубпен келісімшартты ұзартуға асығар емес, өйткені ол Барселонадағы өмірін сағынып жүр.
Аргентиналық футболшының келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды.
Relevo мәліметінше, Месси әлі де Барселонаны өз үйі санайды және мансабын аяқтағаннан кейін сонда тұрғысы келеді. 37 жастағы шабуылшының отбасы да осы қалаға қайта оралуға басымдық беріп отыр.
Месси 2000 жылдан 2021 жылға дейін «Барселона» жүйесінде болды. Сол уақытта ол негізгі команда құрамында 778 матчқа қатысып, 672 гол соғып, 303 нәтижелі пас берді.
![](https://sport12.kz/static/images/banners/84941767ae2492f344cc0a89bcdfbb5a.jpg?dda0169c776e949aad7736ac99f8aa06)