1 күн бұрын
QFL-ді жабу бастамашысы анықталды
Qazaqstan Football League (QFL) футбол бойынша барлық кәсіби жарыстарды өткізу құқығынан айырылуы мүмкін.
Бұл өзгерістердің бастамашысы және барлық құқықтарды Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) беру туралы ұсыныс жасаған ҚФФ вице-президенті Давид Лория екені белгілі болды.
Сонымен қатар QFL клубтарына бұл шешімнің себептері түсіндірілмеген. Клубтарда жаңа маусымның күнтізбесі, демеушілік қаражат, жарналар және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар туындап отыр.
Бұл шешім мұқият талқылауды қажет етеді. Жаңа маусымның басталуына бір айдан аз уақыт қалған кезде QFL-дің Қазақстан футбол федерациясының қарамағына өтуі қазақстандық футболды және ҚФФ-тың жаңа басшылығын беделден айыруы мүмкін.