22 сағат бұрын
«Қайрат» кездесуінен кейін жаппай төбелес болды
Алматылық ұжым Босния және Герцеговинаның «Борац» командасымен жолдастық кездесу өткізген еді. Қарсыластары - өз елінің қазіргі чемпионы, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне қатысқан.
29 қаңтарда Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
Матч біткен соң алаңда екі команданың ойыншылары арасында жаппай төбелес басталды.
Бастапқыда тек бірнеше ойыншы сөзге келіспей қалған, алайда кейін алаңға қосалқы құрамдағы футболшылар да жүгіріп шықты. Осылайша матч соңғы қос команданың келіспей қалуымен аяқталды.