11 сағат бұрын
Руи Кошта «Тобыл» құрамынан кетті
Шабуылшы Руи Кошта «Тобыл» командасы құрамынан кетті.
Бұл шешім тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданды.
Португалия ойыншысы чемпионаттың 15 кездесуінде 4 гол соғып, бір нәтижелі пас жасады.
Айта кетсек, 31 қаңтарда команда екінші жиынға аттанады. Екінші жаттығу жұмыстары 31 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өтеді. Жиын аясында бірнеше бақылау матчтары жоспарланған. Ойын кестесі қосымша жарияланады