8 сағат бұрын
Роман Тугарев «Елімайдың» сапына қосылды
Семейлік «Елімай» футбол клубы ресейлік футболшы Роман Тугаревпен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы ақпарат клубтың әлеуметтік желі парақшасында жарияланды.
26 жастағы жартылай қорғаушы мәскеулік «Локомотив» клубының түлегі. Ресейдің жастар құрамында 7 ойын өткізіп, 2 гол соққан.
Мансабын «Казанка Мәскеу» клубында бастаған. Алғашқы ойынын 2017 жылы 19 шілдесінде өткізген. Тугарев сонымен қатар, «Локомотив», «Ростов», «Торпедо» командаларының жейдесін киген. Мансабының басым бөлігін «Ростовта» ойнаған Тугарев 133 мәрте алаңға шығып, 28 гол соғып үлгерген.