7 сағат бұрын
Давид Лория: Былтыр төрешілер жұмысына қатысты көп сын айтылды
Фото: ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясы вице-президенті Давид Лория федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында төрешілік жүйесін реформалау мен чемпионатты ұйымдастыру жөніндегі жоспарын бөлісті.
– Биыл төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры қызметіне УЕФА-ның ұсынысы бойынша маман шақырылмақ. Былтырғы маусымда төрешілер жұмысына қатысты көп сын айтылды. Осыны ескере отырып, бұл саланы жаңа деңгейге көтеру үшін салалық білімі мен тәжірибесі бар маманды шақыруды жөн көрдік. Ол төрешілер жұмысының барлық аспектісін бақылап қана қоймай, төрешілердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу, жас арбитрлерге тәлімгерлік ету және төрешілер жұмысының сапасын жақсартуға көмектесетін заманауи әдістерді енгізумен жұмыс істейді, - деді ол.