02.02.2025
Ғалымжан Кенжебек «Кошице» клубындағы кезекті матчын өткізді
Фото: «Кошице» ФК
Қазақстандық ойыншы Ғалымжан Кенжебек жолдастық кездесуде негізгі құрамда алаңға шықты.
Польшаның Жешув қаласында өткен «Стали» клубына қарсы матч голсыз, 0:0 есебімен аяқталды.
Бұл Кенжебектің словакиялық клуб жейдесіндегі үшінші ойыны, ал негізгі құрамда алаңға шыққан тұсаукесер ойыны болды. Осыған дейін отандасымыз «Стара Любовня» (6:2) және «Нирьедьхаза» (3:0) сынды командалармен өткен жолдастық кездесуде алаңға үзілістен кейін алмасып шыққан болатын.
Еске салсақ, ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы «Кошице» клубымен 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған.
Ғалымжан Кенжебек доп тебетін «Кошице» биылғы маусымда Словакия чемпионатының 18 турынан кейін, 20 ұпай жинап, жетінші орында келеді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Азамат Бақи