02.02.2025
Футбол: «Астана» атақты «Спартак» клубымен жолдастық кездесу өткізеді
Бүгін «Астана» клубы Дубайдағы (БАӘ) оқу-жаттығу жиынында мәскеулік «Спартакпен» жолдастық кездесу өткізеді.
«Спартак» - «Астана» матчы Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:30-да басталады.
Елордалық команда үшін бұл бірінші оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы жолдастық кездесу болмақ. Елордалық команданың екінші оқу-жаттығу жиыны 7-20 ақпан аралығында өтеді. .
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов