04.02.2025
Шавкат Рахмонов UFC чемпиондық белбеуі үшін қай жерде төбелеседі?
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен UFC жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпионы Белал Мухаммадтың титулдық жекпе-жегі қай турнирде өтетіні белгілі болды.
CBS News және Yahoo!Sports журналисі Рубен Картердің мәліметінше, бұл кездесу UFC 316 турнирінде өтеді. Дәл қай күні ұйымдастырылатыны әлі нақтыланбағанымен, турнир Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетіні белгілі.
Бұған дейін Мухаммад Рахмоновпен жекпе-жек үшін мамыр-маусым айларын ең қолайлы мерзім деп атаған болатын.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!
Қанат Байұзақов