04.02.2025
Ермұхаммед Мәулен ҚФФ баспасөз хатшысы атанды.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Белгілі комментатор, спорт журналисі Ермұхамед Мәулен ұлттық құраманың баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желіде хабарлады.
Ермұхаммед Мәулен — әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің түлегі. Мансабында редактор, продюсер, комментатор және бөлім меңгерушісі ретінде жұмыс істеген. Сонымен қатар Еуразия ұлттық университетінде спорт журналистикасы факультетінде оқитын студенттерге сабақ береді.
2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарды. 2022-2024 жылдары ҚФФ презиенті кеңесшісі қызметін атқарды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи