12 сағат бұрын
Еркебұлан Сейдахмет жаңа клуб сапында жаттығуға кірісті
Қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет «Ақтөбе» командасының Түркиядағы жаттығуына қосылды.
Ол бұған дейін «Тараз», «Қайрат», «Жетісу» командаларында ойнаған. Өткен маусымда алматылықтар сапында Қазақстан чемпионы атанды.
Cондай ақ, 24 жастағы футболшы Ресей мен Болгария чемпионаттарында өнер көрсеткен.