3 сағат бұрын
«Атырау» сапына қазақстандық екі ойыншы қосылды
«Атырау» командасы құрамына жаңадан екі ойыншы қосылды. Биыл атыраулық ұжым сапында қорғаушы Ескендір Қыбырай мен шабуылшы Шоқан Абзал ойын көрсетеді.
Бұған дейін Ескендір «Қайрат», «Жетісу», «Ақтөбе» және «Шахтер» командаларында ойнады.
Ал Шоқан Абзал «Қайсар», «Тұран», «Оқжетпес» және «Қызылжар» командаларында доп тепті.
Айта кетсек, биыл атыраулық команда тізгінін қазақстандық Константин Александрович Горовенко ұстады.