Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

05.02.2025

Қысқы Азиада: Керлингтен Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды

Қысқы Азиада: Керлингтен Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды

Фото: olympic.kz

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарында бүгін керлингтен бәсеке өтті.

Аралас жұптық сында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея спортшыларымен кездесті.

6 эндтің қорытындысы бойынша біздің құрама қарсылас ұжымға 0:12 есебімен есе жіберді.
Бұл сында еліміздің намысын Әмина Сейітжанова мен Әзизбек Нәдірбаев жұбы қорғады.

Осыған дейін отандастарымыз жарыс иелері Қытай құрамасына 5:11 есебімен жол берген болатын.

Енді Қазақстан құрамасы келесі матчын Қатарға қарсы өткізеді. Матч бүгін сағат 15:00-ге жоспарланған. Аталған кездесуді Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, ел құрамасы дүбірлі додада, B тобында бақ сынап жатыр. Топта бізден бөлек Оңтүстік Корея, Қатар, Қырғызстан, Филиппин және Қытай құрамалары сынға түсуде.

Сары құрлықтың басты додасының ашылу салтанаты 7 ақпан күні өтеді. Дүбірлі дода 14 ақпанға дейін жалғасады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»