3 сағат бұрын
«Реал Мадрид» клубы Криштиану Роналдуды құттықтады
Испанияның атақты «Реал Мадрид» клубы 40 жасқа толған Криштиану Роналдуды әлеуметтік желіде арнайы құттықтады:
«Құрметті, Криштиану! Біз өз клубымыздың атынан 40 жасқа толуыңызбен құттықтаймыз. Барлық мадридтіктер сені және «Реалдағы» тартхи жетістіктеріңді мақтан тұтады. Осы күнді отбасы мен жақын жандардың арасында жақсы өткізуіңе тілектеспіз».
Айта кетейік, португалиялық футболшы «Реал» сапында 2009-2018 жылдар аралығында доп тепкен еді. Дәл қазіргі сәтте Криштиану Роналду Сауд Арабияның «Әл-Наср» клубында өнер көрсетеді.