Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

05.02.2025

Бүгін Криштиану Роналду 40 жасқа толды

Бүгін Криштиану Роналду 40 жасқа толды

Фото: championat.com

Бүгін әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду 40 жасқа толып отыр. Ол 1985 жылдың 8 ақпанында дүниеге келген.

Роналду – Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Ұлттар лигасының жеңімпазы, ұлттық құрамалар, Еуропа чемпионаттары, Чемпиондар лигасы, клубтар арасындағы әлем чемпионаттары тарихындағы үздік бомбардир. Роналду ресми матчтарда 900-ден аса гол соққан алғашқы футболшы болды. Португалиялық шабуылшы бес рет «Алтын доп» иегері атанған.

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын қандай жағдайда аяқтайтынын айтты

 ”Мен дәл қазіргі уақытта ұлттық құраманың басты ойыншысымын. Бұл жайлы маған бапкер әр жаттығу да айтады. Егерде мен Португалия құрамасының басты ойыншысы болмасам, мен сол-ақ бойда ұлттық құрамадағы жолымды аяқтаймын” — деді, 39 жастағы шабуылшы.

Криштиану Роналдудың осы уақытқа дейінгі статистикасы:

1261 ойын

923 гол

257 нәтижелі пас 

33 трофей

Криштиану Роналдудың Португалия құрамасы сапындағы көрсеткіштері 

Әлем чемпионаты

2006 - 4 орын

2010 - 1/8 финал

2014 - топтық кезең

2018 - 1/8 финал

2022 - 1/4 финал

Еуро:

2004 - күміс (финал)

2008 - 1/4 финал

2012 - қола (жартылай финал)

2016 - чемпион

2020 - 1/8 финал

2024 - 1/4 финал


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»