3 сағат бұрын
Бақдәулет Зульфикаров биыл «Атырауда» ойнайды
![Бақдәулет Зульфикаров биыл «Атырауда» ойнайды](https://sport12.kz/static/images/news/9c3bc142860fb5f31c96b13f0b28853b.jpg?cfb99294ef8dae9c9f6c3b4301291b16)
Фото: «Атырау» футбол клубы
Қазақстандық шабуылшы Бақдәулет Зульфикаров «Атырау» командасы құрамына қосылды.
Қазірге дейін ол «Қыран», «Тұран», «Қайсар» және «Каспий» клубтарында ойын көрсетті.
Сондай-ақ беларусьтік «Энергетик-БГУ» командасының намысын қорғады.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Атырау» командасы құрамына қорғаушы Ескендір Қыбырай мен шабуылшы Шоқан Абзалов қосылды.
Биыл атыраулық команда тізгінін қазақстандық Константин Александрович Горовенко ұстады.