4 сағат бұрын
Ренат Абдулин «Тұран» командасының бапкерлер құрамына енді
![Ренат Абдулин «Тұран» командасының бапкерлер құрамына енді](https://sport12.kz/static/images/news/4179086e2e88781a9dd27caaacc52df6.jpg?2343009caf1179621c5881f5ce7daf99)
Фото: sports.kz
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Ренат Абдулин түркістандық «Тұран» командасының бапкерлер құрамына кірді.
Ол беларусьтік маман Виталий Жуковскийге көмекшілік жасайды.
Ол түркістандық клубта 2023 жылы қызмет атқарды. Одан кейін бір жыл бойы жұмыссыз отырды.
Ренат Абдулин 1999 жылдан бері алматылық «Қайрат»-ЦСКА, астаналық «Локомотив» (қазіргі «Астана»), қостанайлық «Тобыл», өскемендік «Восток», қызылордалық «Қайсар», «Атырау», шымкенттік «Ордабасы» және көкшетаулық «Окжетпес» клубтарында доп тепті.
Қазақстандық Премьер-Лигасында барлығы 393 ойын өткізіп, 11 гол соқты.
Ұлттық құрама сапында 30 ойында 2 голдың авторы атанды.