06.02.2025
Ресейде дүниеге келген 6 спортшы Азия ойындарында Қазақстан атынан сынға түседі
Қытайдың Харбин қаласында басталған қысқы Азия ойындарына Қазақстан намысын қорғауға экс-ресейлік алты спортшы кеткен.
Sportarena.kz сайтының мәліметінше, Харбинге аттанған легионерлер:
- Александра Скороходова, таушаңғысы - Ресей.
- Кристина Силаева, конькимен сырғанау – Ресей.
- Софья Самоделкина, мәнерлеп сырғанау - Ресей.
- Бойсангур Датиев, мәнерлеп сырғанау - Ресей.
- Эдуард Михайлов, хоккей – Ресей.
- Вячеслав Колесников, хоккей – Ресей.
Жалпы Азия ойындарында ел намысын 137 спортшы қорғайды. «Сары құрлық» бәсекесі 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов