06.02.2025
Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы «Ақтөбе» сапына қосылды
Фото: instagram/gaystenova
Әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасының ойыншысы Аида Гайстенова «Ақтөбе» қосынына келіп қосылды.
30 жасар жартылай қорғаушы Ресей чемпионатында «Енисей», «Звезда-2005» және «Зенит» клубтарында доп тепкен.
Гайстенова Қазақстан құрамасының намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді.
Қазір Аида Шымкенттегі «Ақтөбе» клубының оқу-жаттығу жиынында жаттығып жүр.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи