06.02.2025
Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің жартылай финалына шықты
Фото: WTA
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина БАӘ астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіске жетті.
Жарыстың 1/4 финалында Елена Рыбакина (WTA: 5 орын) тунистік Онс Жаберден (WTA: 33 орын) басым түсті.
2 сағат 15 минутқа созылған матчта Елена қарсыласын үш сеттің қорытындысы бойынша 2:1 (6:2; 4:6; 7:6) есебімен жарыс жолынан шығарып жіберді.
Енді отандасымыз турнирдің жартылай финалында швейцариялық Белинда Бенчичпен (WTA: 157 орын) ақтық матч жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 1,064,510 долларды құрайды
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи