Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

07.02.2025

Қазақстандық спортшылар шорт-тректен сынға түсті

Қазақстандық спортшылар шорт-тректен сынға түсті

Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі

IX Қысқы Азия ойындарында бүгін шорт-тректен бәсекелер өтті.

Әйелдер арасындағы 500 метр қашықтықтың 1/4 финалына Малика Ермек, Яна Хан және Зейнеп Құмарқан жолдама алды.
Ал ерлер арасында аталған қашықтықта келесі кезеңге Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев және Абзал Әжғалиев сүрінбей өтті.
1000 метр дистанцияда ерлер арасында Айбек Насен, Глеб Ивченко мен Әділ Ғалиахметов ширек финалға өтсе, әйелдер арасында Ольга Тихонова мен Малика Ермек келесі кезең жолдамасын еншіледі.

500 метр қашықтықтың ширек финалдық бәсекесі 8 ақпан күні өтеді. Ал 1000 метр дистанцияның 1/4 финалы 9 ақпанға жоспарланған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»