07.02.2025

Лука Модрич 2026 жылғы әлем чемпионатында ойнағысы келеді

Лука Модрич 2026 жылғы әлем чемпионатында ойнағысы келеді

Фото: livesport.ru

Хорватиялық футболшы Лука Модрич 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін испаниялық «‎Реал Мадрид» клубымен келісімшартты ұзартқысы келеді. 

AS оның мадридтік клубта қалуға ниетті екенін жеткізді. Ол тағы бір әлем чемпионатына қатысу үшін күш-жігерін екі есе арттыруға дайын. Келісім маусым соңында жүргізіледі деп жоспарланып отыр. 
Оның Испанияның «Реал Мадрид» клубымен келісім-шарты 2025 жылдың жазында аяқталады. Футболшы оны тағы бір жылға созуды қалайды. Әзірге корольдік клуб бұл жөнінде нақты шешімін айтқан жоқ. 

Лука Модрич 1985 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында Хорватияның «Динамо Загреб», «Интер» (Запрешич), Босния және Герцоговинаның «Зриньски», Англияның «Тоттенхэм Хотспур» клубтарында ойнаған.  

2012 жылдан бері Испанияның «Реал Мадрид» клубының намысын қорғап келеді.


Белал Мухаммад келесі жекпе-жегінде кіммен шығатынын айтты

ММА/UFC

Белал Мухаммад келесі жекпе-жегінде кіммен шығатынын айтты

Мейірім Нұрсұлтанов: Жәнібек Әлімханұлын жеңгенмін

Бокс 1 минут бұрын

Мейірім Нұрсұлтанов: Жәнібек Әлімханұлын жеңгенмін

Еліміздегі ең кедей хоккей клубтары анықталды

Хоккей 36 минут бұрын

Еліміздегі ең кедей хоккей клубтары анықталды

Қазақстандық таеквандошылар Қытайдағы турнирді жеті медальмен аяқтады

Басқа 50 минут бұрын

Қазақстандық таеквандошылар Қытайдағы турнирді жеті медальмен аяқтады

«Астана» баскетбол клубы – 12 дүркін Қазақстан чемпионы

Басқа 1 сағат бұрын

«Астана» баскетбол клубы – 12 дүркін Қазақстан чемпионы

Хоккейден Қазақстан құрамасының ойын кестесі анықталды

Футбол 13 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан құрамасының ойын кестесі анықталды