Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Дәл қазір эфирде Барселона – Атлетико Мадрид Өту
«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

10.02.2025

Қайрат Боранбаев: Дастан — Қазақстанның мақтанышы

Қайрат Боранбаев: Дастан — Қазақстанның мақтанышы

Фото: «Қайрат» ФК

«Қайрат» футбол клубының президенті «Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді.

— Бүгін «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы және Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев ресми түрде Лондонның «Челси» клубының ойыншысы атанды. Бұл – қазақстандық футболшының Еуропаның топ-5 чемпионаты клубтарының біріне алғаш рет ауысуы ғана емес, сонымен қатар ел футболы тарихындағы ең ауқымды трансфер болып отыр.
«Қайрат» клубының акционері ретінде мен үшін бұл оқиға ерекше маңызға ие. Дастан – біздің академиямыздың түлегі, Алматы қаласының тумасы. Ол бала кезінен бастап клуб жүйесінің барлық кезеңдерінен өтіп, өткен маусымда QJ League лигасының ең үздік жас ойыншысы деп танылды. Бұл – тек бір футболшының жетістігі ғана емес, сондай-ақ жас таланттарды дамыту жолындағы біздің еңбегіміздің жемісі.
Бұл ауысым – дұрыс бағытта келе жатқанымыздың дәлелі. Қазақстандық футболшылар ең жоғары деңгейде бәсекеге қабілетті бола алатынын көрсетті, және бұл бізді шабыттандырмай қоймайды. Мен Дастанның жетістігі мыңдаған қазақстандық жасөспірімдер үшін мотивация болатынына сенімдімін. Ең бастысы – арманға сеніп, табандылықпен еңбек етіп, биікке ұмтылу.
«Челсиге» ауысу – Дастан үшін ғана емес, біздің клуб үшін де жаңа кезеңнің бастауы. Біз Еуропаның үздік клубтарының талаптарына сай ойыншыларды тәрбиелей алатынымызды дәлелдедік. Бұл – тек бастамасы.Мен Дастанның осы жолында қолдау көрсеткен барлық адамдарға алғысымды білдіремін. Біз оған шын жүректен жанкүйер болып, әрдайым қолдап отырамыз. Дастан, сен – Қазақстанның мақтанышысысың,— деді Қайрат Боранбаев.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 8 жасында «Қайрат» клубының академиясына қабылданып, осы клубтың футбол мектебін тәмамдаған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»