Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

11.02.2025

Кёрлингтен Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяға есе жіберді

Кёрлингтен Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяға есе жіберді

Бүгін Харбиндегі қысқы Азия ойындарында кёрлингтен ерлер Ұлттық құрамасы А тобында Оңтүстік Кореяға есе жіберді. Есеп: 2-12.

Біздің спортшылар 2-ші және 4-эндте таразы басын теңестірген. Алайда осыдан кейін біздің ойыншылар қарсыластың қарқынына төтеп бере алмады.

Біздің команданың құрамы: Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мұсайынов, Арман Ирджанов.

Еске сала кетейік, кеше ерлер командасы Қытайдың Тайпейімен кездесіп, жеңіске жеткен.

Ертең ерлер құрамасы Астана уақытымен 11:00-де Қырғызстанмен шеберлік байқасады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»