11.02.2025
Италия А сериясында ойнаған футболшы «Атырау» сапына қосылды
Фото: «Атырау» ФК
«Атырау» футбол клубы португалиялық жартылай қорғаушы Гильерме Перрейрамен келісімшартқа отырды.
«Бенфика» футбол мектебінің түлегі мансабында италиялық «Дженоа», испаниялық «Реал Мурсия» және финляндиялық «Хака» клубтарының намысын қорғаған.
Еске салсақ, атыраулық ұжым өткен QFL маусымын 24 ойында, 35 ұпай жинап, 7 орында тәмамдаған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи