11.02.2025
Кёрлингтен әйелдер құрамасы жартылай финалға шығу мүмкіндігін сақтап қалды
Санаулы сəттер бұрын кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында кезекті ойынын аяқтады.
Қатар командасымен болған бұл матч біздің пайдамызға аяқталды. Есеп: 11-2.
Ойынды сәтсіз бастаған отандастарымыз 2 эндтен соң жинақылық танытып, камбэк істей алды. Команда сапында Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер*) өнер көрсетті.
Осыған дейін әйелдер командасы Қытайдың Тайпейін жәні Филиппинді жеңген.
Ертеңгі қарсыластар - Оңтүстік Корея мен Таиланд ойыншылары. Осыдан кейін жартылай финалға шыққан құрамалар анықталады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов